Рудныйда тағы құбыр жарылды
Рудныйда тағы бір коммуналдық апат болды. Жолды су басып, 24 тұрғын үй мен 59 жекеменшік үй жылудан ажыратылды.
Куәгерлер 9 ақпанда таңертең Рудныйдағы Паркова көшесін су басқаны туралы хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, су Ленин - Горняков көшелері қиылысынан келген.
"Сағат 8:30-дағы жағдай бойынша Дзержинскийден Ленин көшесіне дейінгі көшелер шекарасында Горняков көшесі бойындағы жылу трассасының учаскесі жабылды. 24 үй, 59 жекеменшік сектор, 17 заңды тұлға жылудан ажыратылған", - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.
Дәл осындай оқиға Рудныйда 26 қаңтарда болған. Су мен жылу берудің тоқтатылуына байланысты сол 24 көпқабатты үй мен 59 жеке тұрғын үй жылудан ажыраған болатын.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ