Сауда министрі қымбатшылық шарықтаған өңірлерді атады
2023 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша инфляция елімізде 1,1%, оның ішінде азық-түлік 1,4%, азық-түлік емес 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% құрады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты.
Азық-түлік инфляциясының ең жоғары деңгейі Астана және Шымкент қалаларында 2,2%-дан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1,8%-дан, Ақтөбе облысында – 1,7%, Ұлытау облысында - 1,5% құрады.
Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі жыл басынан бері 1,7% болды. Апталық динамика +0,3, +0,4% болып қалыптасуда.
Ал жыл басынан бері ең жоғары өсу қарқыны Маңғыстау облысында – 3,4%, Ұлытау облысында – 2,8% және Астана қаласында - 2,5% байқалды.
Тауарлар бөлінісінде жыл басынан бері ең жоғары өсім пиязда 22,5%, күріш 5,2%, қырыққабат 4,1%, сүт және сәбіз 3,1%, картоп 3,0%, рожки 2,6%-ды құрды.
Мысалы, Маңғыстау облысында:
бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруға көзделген 3,6 млрд теңгенің 2 млрд теңгесі игерілмегені анықталды;
«Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы көкөністерді жеткізуге жасаған 5 қолданыстағы шарттың тек біреуі ғана өндірушімен жасалған, қалған 4 шарт көтерме саудагерлермен жасалған;
өңірлік комиссиялардың отырыстарында өңірде жұмыс істеп тұрған 60-қа жуық көтерме саудагердің аясында барлығы 4 көтерме саудагермен жұмыс жүргізілді;
өнімсіз делдалдарды анықтау және жою бойынша жұмыс нәтиже көрсетпеген.
Жалпы, осы өңірдегі жаңа тәсілдер аясындағы жұмысты қанағаттанарлық емес деп санаймыз, – деді министр.
Оның сөзінше, Ұлытау облысы да бағаның өсуі бойынша көшбасшы. Бір жағынан, аймақ логистика тұрғысынан тұйықталған. Сонымен бірге, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен жергілікті бизнестің жұмысы әлі жолға қойылмаған.
Сондай-ақ, Астана қаласында «айналым схемасы» тетігі бойынша қаржыландырудың бөлінген сомасы 14 млрд теңгені құрайды, бірақ өңір былтыр да, биыл да бағаның өсуі бойынша көшбасшылар үштігінде қалып отыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ