Семейдегі өрт: ЖЭО көмірін әскерилер қолмен жағып жатыр
Құтқарушылар мен әскери қызметшілер Семей қаласының 1-жылу электр орталығындағы қазандыққа көмірді қолмен салып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін сағат 00.34-те Семей қаласындағы 1-ЖЭО-да ұзындығы 6 метр алаңда транспортер лентасы мен электр кабельдері жанған. Түнгі сағат 01.36-да өрт толығымен сөндірілді. Соның салдарынан қатты отын – көмір беру жүйесінің жұмысы тоқтатылған.
Сағат 10-нан бастап Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрліктері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері үздіксіз режимде қазандық агрегаттарына қатты отынды қолмен салу жұмыстарын бастады.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ