Сенат сайлауы: ертең кандидаттарды ұсыну басталады
Сенат сайлауына үміткерлерді тіркеу ертең, 29 қарашадан басталады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
ОСК мәліметінше, кандидаттарды ұсыну мен тіркеу 29 қарашада басталып, 14 желтоқсанда кешкі сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлауалды үгіт 24 желтоқсан мен 13 қаңтар аралығында жүргізіледі.
2023 жылғы 13 қаңтар – тыныштық күні, ал 14 қаңтар – дауыс беру күні.
Орталық сайлау комиссиясы 20 қаңтарға дейін сайлау қорытындысын шығарады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Сенат сайлауы 14 қаңтарда өтетінін жазған болатынбыз.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ