присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Сенат шетелдік банктерден қарыз алуды көздейтін заңдарды мақұлдады

12 желтоқсан 2024 17:15
Сенат шетелдік банктерден қарыз алуды көздейтін заңдарды мақұлдады

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар шетелдік банктерден қарыз алуды көздейтін заңдарды мақұлдады.

Отырыста келесідей заңдар мақұлданды:

  • Мәжіліс қабылдаған «Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялау туралы» заңы; 
  • Мәжіліс қабылдаған «Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Инклюзивті және тұрақты экономикалық өсу» атты даму саясатын қаржыландыруға арналған қарыз) ратификациялау туралы» заңы; 
  • Мәжіліс қабылдаған «Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялау туралы» заңы. 

Шетелдік банктерден қарыз мөлшері төмендегідей:

  • Азия даму банкінен – 52,3 млрд жапон йенасы (шамамен 350 млн доллар);
  • Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен – 52,7 млрд жапон йенасы (шамамен 350 млн доллар);
  • Халықаралық қайта құру және даму банкінен 84,9 млрд жапон йенасы (шамамен 600 млн доллар).

Дауыс беру нәтижижесінде сенаторлар заңды мақұлдады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру