присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

СЕНАТТЫҢ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ MIND ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ CHAPTER ZERO KAZAKHSTAN-МЕН БІРЛЕСІП КЛИМАТТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

29 мамыр 2024 16:49
СЕНАТТЫҢ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ MIND ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ CHAPTER ZERO KAZAKHSTAN-МЕН БІРЛЕСІП КЛИМАТТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

29 мамырда Сенаттың Қоғамдық жобалық кеңсесі MIND талдау орталығымен және Chapter Zero Kazakhstan-мен бірлесе отырып, «Климаттық өзгерістердің сын-қатерлері: бейімделу және қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мемлекеттік сектор және бизнес саласы үшін өзекті болып есептелетін климаттық тәуекелдерді талдау мақсатында ҚР Парламенті Сенатының өкілдері, сарапшылар мен бизнес көшбасшылары осы талқылауда бас қосты.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Булавкина Ольга Александровна БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі акселератор жұмысына, атап айтқанда «Климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдау» атты №13 ОДМ жұмысына белсенді қатысуда.

            «Біздің заңнамалық базамыз халықаралық стандарттарға өте жақын. Бұл ел экономикасына инвестициялар тартуға және энергияны үнемдеуші экономиканы дамытуға қажет жаңа технологияларды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді», – деді Ольга Булавкина дөңгелек үстел отырысында.

 «Бүгін акселератор аясында №13 ОДМ командасы өз жұмысын бастайды. Оның қызметін Сенат депутаттарының бірі қадағалайтын болады. Сенатордың негізгі мақсаты – заң жобаларын әзірлеу және тиімді нәтижелерге жету үшін акселератор зерттеушілері мен тиісті мемлекеттік органдар арасында байланыс орнату», - деп атап өтті Maqsut Narikbayev University жанындағы MIND талдау орталығының жетекшісі Ахметов Альтаир Амангелдіұлы.

Chapter Zero Kazakhstan бас директоры Құралханов Дархан Қадылбекұлы аталмыш коммерциялық емес ұйымның №13 Орнықты даму мақсатын ілгерілету бойынша жауапты стратегиялық серіктес екендігін атап өтті. Бұл ұйым көміртегі бейтараптығына жылдам көшуді қамтамасыз ететін тұрақты стратегияларды дайындау мақсатында негізгі стейкхолдерлерді біріктіруде.

Мемлекеттік құрылымдар мен жетекші бизнес өкілдері климаттық бастамалар мен соңғы ғылыми зерттеулерді талқылап қана қоймай, бүкіл ел деңгейінде климаттық өзгерістерге бейімделудің жоспарланған шаралары туралы бөлісті.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру