присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Шектеуі бар адамдарды шекарадан өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

14 қараша 2022 17:25
Шектеуі бар адамдарды шекарадан өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілдері үш мемлекеттің шекарасынан заңсыз адам өткізумен айналысып келген қылмыстық топты ұстады

«2022 жылғы 21 қазанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, шекарадан өтуге шектеуі бар адамдарды Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырумен айналысқан трансшекаралық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті»,-делінген хабарламада.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесі бойынша қылмыстық топтың белсенді қатысушысы болып табылатын шетел азаматы заңға қайшы қызметі үшін 700 000 (жеті жүз мың) теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алу барысында ұсталды.

Шетел азаматына және қылмыстық топтың басқа да мүшелеріне қатысты ҚР ҚК 394-бабы 2-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған адам қамауға алынды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру