Шетелдік туристер үшін туристік жарна жойылады
Қазақстанда шетелдік туристер үшін туристік жарна жойылады. Бұл туралы «Ашық» НҚА сайтында жарияланды.
Туризм және спорт министрлігі шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларына түзетулер әзірледі. Осылайша, әзірленген жаңа түзетулерде туристік жарнаға орналастыру орындарында болу құнының 0 (нөл) пайыздық мөлшерлемесі қолданылатыны көрсетілген.
Бүгінде орналастыру орындарында туристік жарнаға 0,2-ден 0,5 АЕК-ке дейін (690 теңгеден 1 726 теңгеге дейін) бекітілген мөлшерлемелер қолданылады.
Сонымен қатар туристер ағыны ұлғайған жағдайда мөлшерлемені көтеруді көздейтін тармақтар ережелерден алынып тасталды.
6 қарашаға дейін бұйрық жобасы қоғамда ашық талқыланады.
Еске сала кетсек, биыл 20 қазанда Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туристік жарнаны (bed tax) алып тастау туралы шешім қабылданғанын айтқан еді. Өйткені бұл жарна отандық бизнеске де, шетелдік туристерге де қолайсыздық тудырған.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ