Шетелдіктерді заңсыз еңбекке тартқан жұмыс берушілер жазаланды
Екібастұз қаласының ПБ көші-қон қызметінің қызметкерлері мұражай құрылысы алаңында заңсыз еңбек еткен көрші елдің азаматтарын анықтады.
Дәл осындай заңбұзушылық қаладағы дәмханалардың бірінде де анықталды.
Жеті шетелдік азамат аймақта заңсыз, рұқсат құжаттарынсыз болған. Шетелдіктердің ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін сотқа жіберуге әкімшілік материалдар толтырылды. Сондай-ақ шетелдік азаматтарды тиісті рұқсатсыз еңбек қызметіне заңсыз тартқаны үшін жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.
Полиция шетелдіктерге көші-қон режимін бұзбауды және тиісті құжаттарды уақтылы ресімдеуді ескертеді.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ