присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

ШҚО-да фельдшер қамауға алынды

16 тамыз 2024 12:56
ШҚО-да фельдшер қамауға алынды

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында жүктілік жөнінде анықтаманы қолдан жасау және пайдалану фактісін анықтады.

Аудан тұрғыны ауруханада гинекологтың фельдшері болып жұмыс істеп жүріп, өзінің жүктілігі туралы жалған анықтама берген. Ол бұл құжатты әкімшілік жазадан құтылу үшін пайдаланған.

Прокурорлық тексеру қорытындысы бойынша ұсынылған анықтаманың жалған екені анықталды.

Бірінші сатыдағы сот актісі аудан прокуратурасының өтініші негізінде өзгертіліп, Қ. 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қ.-ның жүктілігі туралы анықтаманы дайындап, пайдалануына байланысты аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 1 және 3-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – делінген прокуратура хабарламасында.

Биыл 8 тамызда сот әйелді тағылған айыптар бойынша кінәлі деп тауып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына соттады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру