Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.
Қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында бопсалаушылар тобын ұстады. Топ мүшелері – 20-40 жас аралығындағы азаматтар. Олардың басым бөлігі бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Ұсталғандар ұзақ уақыт бойы жергілікті екі кәсіпкерден қоқан-лоққы көрсету және күш қолдану арқылы ақша бопсалап, BMW мен ВА3-2114 автокөліктерін заңсыз иемденіп алған. Тексеру кезінде 4 атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі құралдары және өзге де заттай айғақтар тәркіленді, – делінген полиция хабарламасында.
Полицияға 10 адам жеткізілді. Оның ішінде топтың ең белсенді 4 мүшесі қамауға алынды. Қазір ҚР ҚК-нің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ