Шымкентте медицина қызметкерлерінің жалақысы көбейеді
Биылдан бастап Шымкент қаласында медицина қызметкерлерінің жалақысы көбейеді. Бұл туралы қаланың бас дәрігері Нұрлыбек Асылбеков айтты.
Оның айтуынша, бұл тізімге техникалық қызмет көрсететін мамандар да еніп отыр. Енді Шымкентте дәрігерлердің жалақысы 30 пайыз көтерілсе, орта санаттағы дәрігерлердің айлық табысы 20 пайыз көбейеді. Қазір айлықты қайта есептеу болып жатыр. Жақын арада ақша медицина қызметкерлерінің есепшотына аударылады.
Қазір айдың басы. Сондықтан айлық кешігуі мүмкін. Бірақ дәрігерлерге міндетті түрде индексациямен жалақы түседі. Санитар қызметкерлер мен басқа медперсоналдың да жалақысында өсім болады. Оны жұмыс істейтін медициналық ұйым төлейді, – деді ол.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ