СҚО-да дүкеннен 300 литр алкоголь тәркіленді
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында полицейлер заңсыз жұмыс істеген дүкеннен 300 литр алкоголь тәркіледі.
Тексеріс барысында дүкен иесінде лицензияның болмағаны анықталып, 581 шөлмек алынды
Дүкен иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы («Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей, кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру») бойынша дерек жиналды.
Елді мекендерде лицензияланбаған алкогольді қолдан жасап, сату дерегі жиі кездеседі. Мұндай өнім тұтынушының денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Сондай-ақ мас адамдар алкогольді жасарып сататын үйдің көршілеріне ыңғайсыздық тудырады. Учаскелік полиция инспекторлары мұндай фактілерге жол бермеу үшін жұмыс істеп жатыр. Олар халықтан түскен шағымды тексереді, - деді Айыртау ауданы ПБ басшысының бірінші орынбасары Тұрлыбек Жамалиденов.
Айта кетейік, жыл басынан бері СҚО-да лицензиясыз алкоголь сатудың 237 дерегі тіркеліп, 8 мың литрге жуық ішімдік тәркіленген.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ