СҚО-да түрме қызметкері әріптесін көлікпен қағып кеткен
Солтүстік Қазақстан облысында ҚАЖД мекемелерінің бірінің қызметкері әріптесін көлікпен қағып кеткен.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір бұл қызметкер Ішкі істер органдарынан шығарылды. Үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Сонымен қатар бірқатар қызметкерлер, соның ішінде ҚАЖД басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазір ҚАЖД қызметкері болып табылатын жәбірленуші Петропавл қаласының көпсалалы ауруханасында жатыр.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ