Солтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды
Солтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды. Енді бұл қызметті Айдарбек Сапаров атқарады.
Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, - делінген жарлықта.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министр Әлихан Смайылов Петропавл қаласына келіп, Солтүстік Қазақстан облысының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысына қатысты.
Әлихан Смайылов мемлекет басшысының өңір әкімі лауазымына Руслан Аңбаев және Айдарбек Сапаровтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді. Дауыс беру нәтижесі бойынша 153 депутаттың 118-і Айдарбек Сапаровтың кандидатурасына дауыс берді, 35-і Руслан Аңбаевты таңдады.
Айта кетейік, Құмар Ақсақалов Солтүстік Қазақстан облысын 2017 жылдан бері басқарды.
АЙДАРБЕК САПАРОВ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ
Сапаров Айдарбек Сейпілұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Омбы ауылшаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған.
2006-2008 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданының әкімі болды.
2008-2010 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі болды.
Одан кейінгі жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары, облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
2019 жылы ауыл шаруашылығы министрлігінде бірінші вице-министр болды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ