присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Соңғы қоңырау 25 мамырға қайтарыла ма – министр жауабы

25 мамыр 2023 11:46
Соңғы қоңырау 25 мамырға қайтарыла ма – министр жауабы

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептердегі соңғы қоңырау іс-шарасын 25 мамырға қайтаруға қатысты пікір білдірді.

«Бұл мәселе бойынша мамандар шешім қабылдауы керек. Өйткені, бұл (соңғы қоңырауды) тек 25 мамырға айырбастай салу емес. Бұл нақты мемлекеттік стандарттың, бағдарламаның 36 аптаға созылуына қатысты. (Соңғы қоңырауды – автор) қалпына келтіру басқа өзгерістер алып келеді, яғни 6 күндік оқу жоспарына (ауысу) немесе пәндегі оқу сағаттарын қысқарту. Бұл жай ғана қайтара салатын дүние емес. Білім саласында мұндай шешімді қабылдауға жіті, дұрыс сараптама жүргізілуі керек», - деді министр Үкімет сағатына соң.

Бұдан былай Қазақстанда 1 маусымда оқушылары Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау мерекесін атап өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты.

Қазақстанда оқу жылының ұзақтығы 36 апта. Дәстүр бойынша оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, биылдан бастап 31 мамырда аяқталады, - деді комитет басшысы.

Еске салайық, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Қазақстанда оқушылардың соңғы қоңырау мерекеін 31 мамырдан басқа күнге ауыстыруды ұсынған еді. Себебі, 31 мамыр – ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру