присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Студенттер мен оқушыларды жұмысқа алған кәсіпорындарға жеңілдік беру ұсынылды

21 сәуір 2023 17:36
Студенттер мен оқушыларды жұмысқа алған кәсіпорындарға жеңілдік беру ұсынылды

Жазда студенттер мен оқушыларды жұмысқа алған кәсіпорындарды ынталандыру керек. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха айтты.

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың негізгі себебінің бірі – жұмысыздық пен бос уақыттың көптігі. Тәжірибе қылмыс жасаған жасөсіпірімдердің жартысынан астамы еш жерде оқымаған және еш жерде жұмыс істемегенін көрсетті, - деді Игорь Лепеха.

Оның пікірінше, ауыл жастары арасында да бұл мәселе өзекті.

Ауылда жастардың дамуына, бос уақытын өткізетін шараларды ұйымдастыруға жағдай жасау қажет. Бұл проблеманы шешудің бір жолы – жазғы демалыста студенттер мен жоғары сынып оқушыларын жұмысқа тартқан кәсіпорындарға жеңілдіктер ұсыну. Аталған шара жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне септігін тигізіп, жастардың әрекетін дұрыс арнаға бағыттайды, - деді министрдің орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін ІІМ отбасының шырқын бұзатындарды жазалауға туыстары кедергі екенін хабарлаған болатын.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру