Студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге 6 млрд теңге бөлінеді
2024 жылы республикалық бюджеттен 15 мың студентті жатақханамен қамтамасыз етуге 6 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты.
Бүгін Сенаттың комитет отырысында «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы таныстырылды.
Министрдің орынбасары келесі жылы білім беру саласын дамытуға 1 трлн теңге бөлінетінін жеткізді.
Оның ішінде балабақша педагогтерінің еңбекақысын 30 пайызға көтеруге 96 млрд теңге жұмсалады. Жатақханалардағы орындар санын 6 800 төсек-орынға, сондай-ақ колледж студенттеріне стипендия мөлшерін ұлғайтуға 52,2 млрд теңге, мектептердегі орын тапшылығын оқушы орындары тапшылығын азайту мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына 647 млрд теңге көзделген. Жалпы, еліміздің шетелдік жоғары білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін шетелдік жоғары оқу орындарының филлиалдарында оқуға жыл сайын 1 700 студентті қабылдау көзделген. Сәйкесінше, қаражатта қаралған, - деді Абзал Бейсенбекұлы.
Сондай-ақ вице-министр студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге қомақты қаражат қарастырылғанын жеткізді.
«Жалпы, кадрларды даярлау бойынша биылға қарғанда, 2024 жылы 5 мыңға артық грант беру жоспарланған. 180 мың студент жоғарылатылған стипендия алады. 15 мыңға жуық студентті жатақханада орынмен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы 6 млрд теңге көзделеді. Сондай-ақ 4 мың жетім бала мен мүмкіндігі шектеулі адамға жатақханаларда тұрғаны үшін өтемақы төлеу қарастырылған. Бұл есепті кезеңде 1,2 млрд теңге болады», - деді ол.
Сонымен қатар 2024 жылы ғылым саласына 217 млрд теңге қарастырылады.
Бұл 616 жетекші ғалымның еңбекақысын ұлғайтуға, іргелі зерттеулермен айналысатын 11 ғылыми зерттеу институтын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, аталған қаражат бағдарламалық-нысаналы гранттық ғылыми жобаларға, сондай-ақ ғылыми нәтижелердің жобаларын комиссияландыруға бағытталады. Сондай-ақ 720 жас ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді, - деді министрдің орынбасары.
Айта кетейік, кеше Мәжіліс алдағы үш жылдың республикалық бюджетін қабылдаған болатын.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ