Су тасқыны: 4 мың адам әлі эвакуациялық пунктерде тұрып жатыр
Тасқын салдарынан шамамен 4 мың адам әлі эвакуациялық пунктерде тұруға мәжбүр. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты.
Оның айтуынша, Қазақстанда бұрын-соңды болмаған су тасқынынан экономикаға, инфрақұрылымға залал келген.
120 мыңнан аса адам эвакуацияланды, 67 570 адам өз үйіне оралды. Бүгінде 3 952 адам – эвакуациялық пунктерде. 12 мың тұрғын үй мен 20 мың саяжайды су басты. 98 үй әлі су астында, - деді Олжас Бектенов Парламенттің бірлескен отырысында.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ