присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Су тасқыны: Атырау облысына 300-ден астам әскери көмекке бара жатыр

10 сәуір 2024 16:53
Су тасқыны: Атырау облысына 300-ден астам әскери көмекке бара жатыр

Атырау облысына су тасқынын алдын алуға және халыққа қол ұшын созып, қауіпсіз жерге көшіру үшін Қорғаныс министрлігінің 300-ден астам әскери қызметші көмекке бара жатыр.

Теңіз жаяу әскері бригадасының әскери қызметшілері көктемгі су тасқынына қарсы күресте халыққа көмек көрсету үшін іргелес аймақтағы Махамбет ауданына 13 әскери техникамен жолға шықты.

Қазір Атырау облысында Құлсары қаласының жағдайы өте қиын. Тасқыннан қатты зардап шеккен қалада қалған тұрғындар суға кеткен үйлерін қарайлап жүр. 

 Ресми мәлімет бойынша, Құлсарыда 31 шағын ауданның он шақтысын су басқан. Шамамен 2 600 үй су астында қалған.

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың айтуынша,  жағдай әлі де қиын болып тұр. Қазіргі басты мәселе — қаладағы судан арылу.  Бар күштің бәрін соған кетіп жатыр. Құрсай өзегінің айналасын бекітіп, суды 6-ауыл жаққа қарай шығарылып жатыр. Су басып кететіндей қауіп жоқ. Құлсарыда 31 шағын аудан бар. Соның 10-ға жуығын су басты.

Аудан әкімі судың салдарынан материалдық шығынға батқан азаматтардың дүние мүлкін мемлекет өтейтінін айтты. Жылыой ауданы әкімдігінде Құлсары тұрғындары су астында қалған үйлері бойынша қандай көмек көрсетілетінін сұрап, шығындарды есептеу бойынша тіркеліп жатыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру