Су тасқыны: президент облыс әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Аталған облыстардың әкімдері президентке өңірлердегі ахуал жайында, табиғи апатпен күресу және су тасқынының зардаптарын жою үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді. Олардың айтуынша, жалпы жағдай жіті бақылауда, табиғи апатпен күресу үшін адам күші де, техника да жеткілікті.
Айта кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасымен республикалық штабқа жетекшілік ететін премьер-министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет мүшелері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберілген болатын. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың керек-жарағын шешу бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ