Судья Қуандық Бишімбаевтан жауап алуға рұқсат берді
Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. 1 сәуірдегі сот отырысында судья Айжан Құлбаева айыпталушы Қуандық Бишімбаевтан жауап алу туралы өтінішхатты қанағаттандырды.
Айыпталушы сот тергеуінің кез келген сатысында жауап беруге құқылы. Сотта дәлелдерді қарау реті бекітілді. Заңға сәйкес, сот қорғау тарапының өтінішхатын қабылдау қажет деп санайды. Куәгер Нұрқайдардан жауап алу аяқталған соң сот сотталушы Бишімбаевтан жауап алуға кіріседі. Содан кейін куәгерлерден жауап алу жалғасады, - деді судья Құлбаева.
Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:
99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру);
110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (қинау).
Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:
432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);
434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ