Сәуірде Astana LRT жобасын аяқтауға қаржы бөлінеді
2023 жылғы сәуірде Astana LRT жобасын аяқтауға қаржы бөлінеді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.
«Биыл Astana LRT құрылысына 50 млрд теңге қосымша қаржы қарастылған. Бүгін таңертең республикалық бюджет комиссиясының отырысы болды. Сонда тиісті қаржыны бөлу мәселесін қарастырдық. Республикалық бюджеттен қаржыны бөлу мәселесі Парламентте талқыланып, қаулыға қол қойылуы керек. Менің ойымша, биыл сәуірде қаржы Астана әкімдігіне беріледі», - деді министр Үкімет отырысынан соң.
Ол жоба құрылысы қайдан басталатынына тоқталды.
Біз әкімдікпен де сөйлестік. Олар екі мәселені көтерді. Біріншіден, жобаны әуежайдан бастаймыз деді. Екіншіден, вагондар сатып алуды қаржыландырамыз деп отыр. Вагонды қай жатқан сатып алынатынын айта алмаймын. Биыл жоба іске қосылмайды, - деді Марат Қарабаев.
2013 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев LRT құрылысы тым қымбатқа түсетінін мәлімдеді. Бірнеше жылдан кейін қытайлық инвесторлар келді. Ал 2019 жылы шілде айында Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіл рельсті көлік құрылысын сынға алып, осы жобаның тиімділігіне сенбейтінін айтты.
LRT құрылысы 2019 жылдың соңында аяқталады деген жоспар болған. Алайда қытайлық инвесторлар қаржыландыруды тоқтатты. Артынан «Астана банкінде» тағы 200 миллион доллардың бұғатталып қалғаны туралы ақпарат тарады. 2022 жылдың наурыз айында Есеп комитеті бұл жоба өзін ақтамайтынын мәлімдеді.
2022 жылдың маусымында Астана қаласының экс-әкімі Алтай Көлгінов LRT құрылысының қайта жанданғанын мәлімдеді. LRT-ны толығымен аяқтау үшін қосымша 1 миллиард доллар қажет.
2023 жылдың 31 қаңтарында өткен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімдігіне LRT құрылысын тездетіп аяқтауды тапсырды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ