присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Сәуірде Қазақстан Германияға тағы 20 мың тонна мұнай жібереді

14 наурыз 2023 10:20
Сәуірде Қазақстан Германияға тағы 20 мың тонна мұнай жібереді

Биыл сәуірде Қазақстан Германияға тағы 20 мың тонна жібереді. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.

«2023 жылы сәуірде Қазақстан Германияға тағы 20 мың тонна жібереді. Келісім бойынша жалпы 300 мың тонна жіберуіміз керек. Орташа есеппен айына 20 мың тонна мұнай жібереміз», - деді Болат Ақшолақов Үкімет отырысының кулуарында.

Мұнай «Достық» құбыры арқылы жіберіледі.

Айта кетейік, Қазақстан мұнайының шамамен 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы экспортқа шығарылады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру