Түркия Ресейдің әскери кемелерін Қара теңізге кіргізуден бас тартты
Түркия Ресейдің Тынық мұхит флотының 9 ай бойы рұқсат күткен корабльдерінің Босфор бұғазы арқылы өтіп, Қара теңізге келіп кіруіне жол бермеді. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
Қара теңіз стратегиялық зерттеулер институты мониторинг тобының жетекшісі Андрей Клименконың айтуынша, осыдан кейін әскери кемелерге Владивостокқа қайтып оралғаннан басқа жол қалмаған.
Тынық мұхит флотының «Варяг» ракета крейсері мен «Адмирал Трибуц» үлкен қайыққа қарсы кемесі Қара теңіз акваториясына қарай өтіп, Украина территориясына шабуыл жасау үшін Жерорта теңізінде 2 ақпаннан бері тұрған екен. Алайда, Түркия оларға жол бермей қойған. Ал 6 қараша күні жұрт Владивостокқа қайтып бара жатқан бұл екі кемені де Сингапурдың жанынан байқаған, – деді ол.
Түркия Украинадағы соғыстың басталуына екі апта қалған уақытта Ресейдің Балтық флоты 71-бригадасының «Калининград», «Минск», «Королев», «Петр Моргунов», «Георгий Победоносец» және «Оленогорский горняк» деген 6 десанттық кемесін Қара теңіз аумағына қарай жібермей қойған еді. Ол кезде РФ Қорғаныс министрлігі олардың 13-19 ақпан аралығында өтетін жаттығу жиынына келгенін мәлімдеген болатын.
Ресейдің әскери сарапшысы Павел Фельгенгауэр мұның Ресейдің Одессаға түсірілетін десанты екенін ескерткен еді.
Қазір Украина қарулы күштері Қара теңізде Ресейдің ракета тасығыш бірде-бір кемесінің жоқ екенін айтып отыр. Ал Ресей флотының мұндағы 7 соғыс кемесінде де зымыран тасығыш жоқ.
Алайда, жауда әуеден, теңізден, құрлықтан атқылайтын ракеталар мен құралдар әлі көп, – деп мәлімдеді УҚК «Оңтүстік» командованиесіндегілер.
29 қазан күні украин күштері дрондардың көмегімен Қара теңіз флотының Севастопольдегі тұрағына шабуыл жасады. Осыдан кейін РФ Қорғаныс министрлігі украин порттарынан шығарылатын астық жөніндегі келісімге қатысуларын тоқтататындарын мәлімдеген еді. Бірақ Түркия тарапы Ресейдің мәлімдемесіне қарамастан, астық тиелген кемелерді алып шығуды жалғастыра берді. Басқа амалы қалмаған Ресей президенті Владимир Путин кейінірек Украинадан Қара теңіз флотына қауіп төндіруді тоқтатуды талап етті.
Алайда, Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляктың айтуынша, Украина Қара теңіз флотының қауіпсіздігі жөнінде ешқандай кепілдік бермеген.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ