Tarlan Payments кеңсесінің дизайны Орталық Азияның үздігі атанды
Tarlan Payments FinTech-компаниясы The Best Luxury Office Design номинациясындағы халықаралық беделді ARCHICA Award марапатын жеңіп алды.
Қазан айында жыл сайынғы дәстүрлі ARCHICA Award марапатын табыстау рәсімі өтті. Қазақстандық Tarlan Payments FinTech-компаниясы The Best Luxury Office Design номинациясында жеңімпаз атанды. Кеңсенің дизайны қатысушы үміткерлер арасында үздік деп танылды.
«Бұл марапат – біздің ұжымның ортақ еңбегінің жемісі. Біз компанияның құндылықтары мен мәдениетін айқын көрсететін орта қалыптастыруды көздедік. Шабыттандыратын және жайлы жұмыс ортасы қызметкерлердің креативтілігі мен өнімділігін арттырады деп сенеміз», – деді Tarlan Payments HRD Анель Ускова.
Компания өкілдері кеңсені құруда заманауи материалдар мен технологияларды қолдана отырып экологиялық мәнге назар аударылғанын айтады. Минималды дизайнда шыны материалдар және жарқын акценттер – жасыл және сары реңктегі жиһаздар мен қабырғалар қолданылған. Келіссөздерге арналған бөлме және арақабырғалар, картинкалар жұмсақ қызыл түске боялған.
«Кеңсеміздің дизайнын үйіміз сияқты махаббатпен, ішынайы ниетпен жасадық. Себебі, біз уақытымыздың көп бөлігін осында өткіземіз. Жарқын, ашық түстер көңіл-күйді көтереді, мұндай кеңседе шабытың ашылады. Бұл тұста қызметкерлердің кофе-машинадан бастап массаж креслосына дейінгі тілектері ескерілді. Біздің кеңсеміз ұжымның бейнесі сияқты – сәнді, жарқын әрі мейірім-шуаққа толы», – дейді Tarlan Payments HR-маманы Мадина Юлдашева.
«Бұл жоба біз үшін тек алға қойған мақтымыз ғана емес, командамыз үшін қолымыздан не келетінін көрсетудің де мүмкіндігі болды. Әрі қолайлы әрі қызметкерлерді өнімді жұмысқа шабыттандыратын орта құруға тырыстық. Осы мақсатта күшіміз бен ынтамызды аянбадық», – дейді Desing Lead Tarlan Payments өкілі Дмитрий Бодров.
ARCHICA Award марапаты 2015 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Бұл марапат жарқын, батыл әрі басқаларынан өзгеше сәулет жобаларын анықтайды. Биыл ARCHICA Award жүлдесі Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген бюроға өтінімдер қабылдауды басталды.
Компания туралы:
Tarlan Payments – бизнестің дамуына қажет кешенді әрі біріктірілетін
шешімдерді ұсынатын қазақстандық Fintech-компания. Компания елдегі Халық, Жусан және Каспи сияқты ірі банктермен әріптестік орнатқан. Жүйе арқылы ай сайын 20 миллионнан астам транзакция өтеді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ