TikTok-та заңсыз ойын ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Алматыда TikTok арқылы заңсыз ойын ұйымдастырғандар жауапқа тартылды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті TikTok-та заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандарды анықтады. Тергеу барысында күдіктілердің әлеуметтік желілерде 4 ай ішінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 13 млн теңгеге жуық табыс тапқаны дәлелденді.
Алматы қаласының 2 тұрғыны кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ сот осыған ұқсас құқықбұзушылық жасаған 4 адамға қатысты істі қарап жатыр. Олар да заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, қомақты пайда тапқан.
ҚМА әлеуметтік желілерде құмар ойындар ұйымдастыру заңсыз екенін, әрі күдіктілер «Ойын бизнесі туралы» заң бойынша жауапқа тартылатынын ескертеді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ