Тоқаев ҰҚК төрағасының екі орынбасарын тағайындады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев тағайындалды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов тағайындалды.
Сондай-ақ Нұрғали Дәулетбекұлы Білісбеков Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Еске салайық, генерал-майор Нұрғали Білісбеков ҰҚК төрағасының орынбасары болып 2013 жылдың 7 наурызында тағайындалған еді.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ