Түркістан облысында су тасқыны болып жатыр
Түркістан облысында су тасқыны болып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 2 ақпанда Кентау және Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында аулалар мен көшелер су астында қалды.
Оқиға 2 ақпан сағат 08:00-де қардың еруі және жауын-шашынның көп жаууы салдарынан басталған.
Түркістан облысы әкімдігінің хабарлауынша, 2 ақпанда Сауран ауданы Бабайқорған ауыл округіне қарасты Бабайқорған, Абай, Үлгілі елдімекендерінде көшелер мен тұрғын үйлердің ауласына су кірген. Алдын ала ақпарат бойынша шамамен 10-ға жуық үйдің ауласын су басты.
Бабайқорған ауылындағы жалпы орта мектептің ауласын да су басқан, мектеп оқушыларына сабақтар тоқтатылды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ