присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді

03 ақпан 2023 17:40
Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді

ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Түркістан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы қалай төленетінін түсіндірді.

Тұрғындардың үйлері құлап, шығын келсе, компенсация ретінде бюджеттен өтемақы төленеді. Алдымен жергілікті бюджеттен бөлінеді. Онда резервтен қаржы қарастырылған. Егер жергілікті бюджеттегі қаржы жетпей жатса, онда республикалық бюджеттен бөлінеді, - деді министрің орынбасары ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, алдымен арнайы комиссия құрылады, шығын есептеледі.

Сондай-ақ Ибрагим Күлшімбаев бүгінде тек Арыс қаласында бір тұрғын үйдің су астында қалғанын атап өтті. Ол өзеннің жағасында орналасқан.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында 20 елді мекенді су басқаны хабарланған еді. Сонымен қатар, оңтүстікте жүргізушілер сақ болуға тиіс.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру