присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Түркістан облысында жас жігіт кәмелетке толмаған қызды алып қашқан

26 қаңтар 2023 12:59
Түркістан облысында жас жігіт кәмелетке толмаған қызды алып қашқан

Түркістан облысында полиция кәмелетке толмаған қызды алып қашқан жас жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғады.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оның үстінен Шымкент тұрғынынан арыз түскен.

Бұл дерек бойынша Жетісай ауданының ПД Қылмыстық кодекстің 122-бабы бойынша («16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау») сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, - деп жазылған хабарламада.

Полицейлер қыздың танысына тұрмысқа шыққанын анықтады. Алайды оның Шымкентте тұратын анасы мұнымен келіспеген.

Ол баласын жас жігіттің үйінен Шымкентке алып кетті. Бұл дерек бойынша сараптама тағайындалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деді полиция өкілдері.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру