присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жіберіледі

15 ақпан 2023 09:57
Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жіберіледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Түркияға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметті.

Бұл мәселе премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды.

Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар. Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жіберіледі, – деп жазылған хабарламада.

Биыл ақпанның басында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жоюда Қазақстан Түркияға қолдау көрсетіп жатыр.

Бұған дейін Түркияға 75 тонна гуманитарлық көмек жіберілген болатын.

Айта кетейік, Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 35 мыңнан асқан.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру