Түркияға қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер баратын болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды. Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтардың анықталмағаны хабарланған еді.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ