присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Түрмеде терроризмді насихаттаған ер адам сотталды

27 қаңтар 2023 11:35
Түрмеде терроризмді насихаттаған ер адам сотталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде терроризмді насихаттау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 5 қаңтарда Орал қаласының №2 соты сотталушыны ҚР ҚК-нің 256-бабы 1-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 4,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотта анықталғандай, ер адам 2020 жылдан бері түзету мекемесінде жазасын өтеу кезінде қамаудағылар арасында радикалды идеологияны таратып келген.

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденіп, сот шешімі заңды күшіне енді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру