Тұңғыш президент туралы заңның күшін жоятын түзетулер Мәжіліс қарауына шығарылды
Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасын қарайды.
Заң жобасын депутат Арман Қожахметов таныстырды. Дауыс беру нәтижесінде депутаттар заңды қарауға алды.
«Аталған заң жобасы республикалық референдум қорытындылары бойынша ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді.
Биыл 8 маусымдағы Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес Қазақстанның Тұңғыш президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Конституциямен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Ата заңның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды. Осыған байланысты бұл заң жобасымен құқықтық негіздің жоқтығын ескеріп, тиісті Конституциялық заңның күшін жою көзделеді», - деді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қожахметов.
Айта кетейік, кеше Әділет министрі аталған заң жобасының жыл соңына дейін неге күшін жоймағанын түсіндірген еді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ