Украинаның Запорожье, Харковь облыстарына тағы да жойқын шабуыл жасалды
Украина аумағына тағы да зымырандармен, дрондармен шабуыл жасалып, Запорожье, Харковь облыстарында жарылыс болды.
Ал Кривой Рог қаласында камикадзе-дрон энергетикалық инфрақұрылым нысанына түскен. Соның салдарынан бірнеше аудан жарықсыз, сусыз қалды.
Оның үстіне Ресей президенті Владимир Путин елдің әскери өнеркәсібін бәсекеге қабілетті етуге, қару-жарақты үнемі жетілдіруге үндеді. Дегенмен АҚШ-тың соғысты зерттеу институты Ресейдің маңызды қару түрлерін изоляцияға ұшыраған Иран мен Солтүстік Кореядан сатып алуға мәжбүр екенін хабарлады.
АҚШ тарапының мәліметінше, Путиннің әлгі қару-жарақты жетілдіруге қатысты талабы орынсыз. Ал РФ билігі Иран мен Солтүстік Кореядан қару алғандарын әлі де жоққа шығарып келеді.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ