присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Вагон сатып алуға зейнетақы қорынан 184 млрд теңге бөлінеді – министр

21 ақпан 2024 16:45
Вагон сатып алуға зейнетақы қорынан 184 млрд теңге бөлінеді – министр

Көлік министрі Марат Қарабаев БЖЗҚ-дағы 184 млрд теңгеге вагон сатып алынатынын айтты.

Ведомство басшысы зейнетақы қоры есебінен вагондарды сатып алуға қаржы бөлу мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатқанын жеткізді.

Зейнетақы қорынан «Бәйтерек» холдингі қаржы алды. Оның ішінде вагондарға 184 млрд теңге жұмсалып отыр. Оған жолаушы тасымалдайтын 100 вагон, жүк тасымалдайтын 3 мың вагон сатып алынады, - деді Марат Қарабаев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Министр БЖЗҚ-дан қаржы алу қазақстандықтарға кесірін тигізбейтінін атап өтті. 

Зейнетақы қорындағы қаражаты жұмсалған азаматтарға бұл міндетті түрде пайда әкеледі. Біріншіден, бұл – халыққа пайдалы. Себебі бұл ақша пайызбен беріледі. «Бәйтерек» холдингіне жеңілдетілген ақша берілмейді. Екіншіден, басқарушы холдинг – мемлекеттің меншігінде. Сондықтан бұл ақшаның қорға қайтарылатынына мемлекет толық кепілдік береді. Үшіншіден, вагондар отандық зауыттардан сатып алынады, - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ Марат Қарабаев жолаушыларды тасымалдайтын вагондарды Петропавлдағы ЗИКСТО компаниясы, ал жүк вагондарын Екібастұздағы компания жасайтынын атап өтті.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру