Екібастұзда жылусыз қалған тұрғын коммуналдық қызметтен жарты млн теңге өндіріп алды
Екібастұз тұрғыны коммуналдық қызметкерлерден жарты миллион теңгеге жуық ақша өндіріп алды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.
ЖЭО апатынан кейін тұрғын жылусыз қалып, үйін қырау басып, құбырлары мен батареялары жарылған.
Қала тұрғыны залалды өтеу туралы тікелей өтініш жасады. Қанағаттанарлық жауап ала алмаған соң, сотқа жүгінген. Шағымда екібастұздық өз есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізуге, құрылыс материалдарын сатып алуға тура келгенін атап өтті. Барлығы 366 мың теңге жұмсалған.
Материалдық жағдайдан басқа, ер адам моральдық залалды өтеуді де талап етті. Өйткені үйдегі суықтың салдарынан балалар ауырып қалған. Тіпті, олар ауруханаға жатқызылған.
Екібастұз қалалық соты «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС тұрғынның залалын өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады. Сот отырысында талапкердің дәлелдері расталды. Талаптар ішінара қанағаттандырылды. 365 740 теңге көлемінде материалдық залал сомасын өндіріп, моральдық зиян сомасын 100 мың теңгеге дейін азайтты, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Адель Ибраева.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ