присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Елімізде алтынның 20-25 жылға жететін қоры бар

04 сәуір 2024 15:40
Елімізде алтынның 20-25 жылға жететін қоры бар

Қазақстанда алтынның 20-25 жылға жететін қоры бар. Бұл туралы Геология комитетінің төрағасы Ерлан Акбаров айтты.

Қазір елімізде алтынның 2 300 тонна қоры бар. Бұл – геологиялық запас. Бүгінде жылына 90 тонна алтын өндіріліп жатыр. Жалпы алтынның 20-25 жылға жететін қоры бар. Біздің болжам бойынша, Қазақстанда алтынның қоры 20 мың тоннаға дейін жетеді, - деді Ерлан Акбаров ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ басқарма төрағасы мұнайдың қорына тоқталды.

Мұнай бойынша геологиялық қор – 4 млрд 400 млн тонна. Оның ішінде өңдеуге жататын мұнайдың С1 категориясының қоры – 2 млрд 900 млн тонна. Бұл – жер қойнауын пайдаланушыларға тиесілі қор. Барлау жасалып жатқан қаншама кен орны мен участок бар. Бұл мұнай таусылып қалады деген әңгіме емес. Қазақстандағы мұнайдың болжамды қоры – 78 млрд тонна, - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда жылына 25 тонна алтынның заңсыз өндірілетіні хабарланған еді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру