Елімізде азық-түлік қымбаттады ма – статистика жарияланды
Қазақстанда 2016 жылдан бері алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасы төмендеді.
2016 жылдан бері алғаш рет елімізде бірінші жартыжылдықта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексінің төмендеуі тіркелді. Сауда комитеті қабылдаған жүйелі және жедел шешімдер мен бағаны тұрақтандыруға қатысты мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестірудің арқасында ӘМАТ бағасының дефляциясы тіркелді, деп мәлімдеді Сауда комитеті.
Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, бағаның орташа индексі 0,2%-ға, ал маусым айында 0,3%-ға төмендеді. Бағаның төмендеуі ӘМАТ тізіміндегі қырыққабаттың 2,6%-ға, қарақұмықтың 27,5%-ға, күнбағыс майының 14,9% ға, жұмыртқаның 7,2-ға, ұнның 3,8%-ға арзандауының арқасында мүмкін болды, – деп толықтырды ведомство.
Шілде айының екінші аптасында 9 тауардың бағасы төмендеді. Ұн 1,2%-ға, сәбіз 1,0%-ға, қарақұмық жармасы 0,9%-ға, сиыр еті мен күнбағыс майы 0,5%-ға, сары май және жұмыртқа 0,2%-ға, макарон өнімдері мен айран 0,1%-ға арзандады. Сүт, қант және тұз бағасы тұрақты.
Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында мемлекеттік бақылау күшейтілді. Жыл басынан бері сауда заңнамасын бұзғаны үшін 2 357 әкімшілік іс қозғалды. Сауда комитеті сауда үстемесін сақтау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ