присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Елімізде қос азаматтығы бар ресейліктерге айыппұл салынды

17 қазан 2023 11:37
Елімізде қос азаматтығы бар ресейліктерге айыппұл салынды

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 307 шетелдік азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде сот шешімі бойынша 275 шетелдік елден тысқары шығарылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсы хабарлады. 

Сонымен бірге 79 Ресей азаматына қос азаматтығы үшін 200 АЕК айыппұл салынды. Қос азаматтығы бар 159 адам анықталып, олар бойынша тиісті шаралар қабылданды. Мәселен, Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Кисловодск – Тында бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру кезінде құқық бұзушыны анықтады.

Ресей Федерациясының 72 жастағы азаматы Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған. Көлік полицейлері оған қатысты ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігі («Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу»), яғни ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал Петропавл қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды.

Сот шешімімен ер адам 200 АЕК (690 мың тг) мөлшерінде әкімшілік айыппұл арқалады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру