Елімізде пәтер ұрлығының саны азайды – ІІМ
Елімізде пәтер ұрлығының саны азайды. Бұл туралы ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев мәлімдеді.
Оның айтуынша, жыл басынан бері 1 100-ден астам пәтер ұрылары ұсталған. Оның ішінде 59 қылмыстық топ пен 38 гастрольдік ұры бар.
Полиция пәтер ұрлығына қарсы күресте бірқатар ұйымдастырушылық және заңнамалық шара қабылдап жатыр. ІІМ-нің ведомстволық бағдарламалары аясында тұрғын үйлердің аулаларына 68 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылды. 24 мыңнан астам камера тұрғындардың бастамасымен қойылды.
Пәтер ұрлығының жасалу әдісі мен уақытына күнделікті талдау жүргізіледі. Осыған қарап, патрульдік полиция нарядтарының қозғалыс бағыттары белгіленіп отырады. Жергілікті атқарушы органдармен және сауда объектілерінің әкімшіліктерімен бірігіп, ұрланған мүлікті сатып алу және өткізу фактілеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылданып жатыр, – деді Шыңғыс Алекешев.
Жалпы, қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда пәтер ұрлығының саны жыл сайын орта есеппен 34% азайған. 2019 жылы 31 мыңнан астам қылмыс тіркелген болса, 2023 жылы тіркелген қылмыс саны 9 мыңнан аспайды.
Биыл пәтер ұрлығы 28%-ға азайған.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ