присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Елімізде шикізат пен дайын өнім қымбаттады

15 тамыз 2024 12:33
Елімізде шикізат пен дайын өнім қымбаттады

Ұлттық банктің кәсіпорындарға жүргізген мониторинг нәтижелеріне сәйкес, дайын өнімнің, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны жеделдеді.

2024 жылдың ІI тоқсанындағы кәсіпорындарды мониторингтеу нәтижесі туралы Ұлттық банктің АКСД директоры Рүстем Оразалин түсіндірді.

Кәсіпорындарды мониторингтеу нәтижесі бойынша, 2024 жылдың II тоқсанында дайын өнімнің, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны жеделдеді, – деді маман.

Кәсіпорындар өндіретін өнім бағасының өсу қарқыны жеделдеп, баға динамикасының жалпы өзгерісін көрсететін диффузиялық индекс 57,8 болды (2024 жылғы I тоқсанда – 57,2). Кәсіпорындардың дайын өніміне деген сұраныс осы жылдың I тоқсанындағы деңгейде қалды, диффзиялық индекс – 51,1.  

Жалпы экономикада сатылымның орташа рентабельділігі (пайызды, салықты және амортизацияны төлеу бойынша шығысты шегергенге дейін) 23,8%-ға (22,9%) дейін ұлғайып, орташа тарихи нормадан жоғары деңгейде қалыптасып отыр.

Әлі күнге дейін кәсіпорындар экономиканың бүгінгі жай-күйін бизнес жүргізуге кедергі көреді. Мұндай пікірді сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың 29,6%-ы білдірді. Басқа кедергі түрлері: нарықтағы бәсекелестік (29,5%), салық деңгейі (28,8%), білікті кадрлар тапшылығы (27,3%), сатып алушыларды іздеу (25,0%), лицензия/рұқсат алудағы (17,3%) және дебиторлық берешекті қайтарудағы қиындық (14,4%). Маңыздылығы жағынан қаржыландыруға деген қолжетімділік 8-орында (14,2%) тұр, – деп қосты ол.

 Екінші тоқсанда сауалнамаға 3401 кәсіпорын қатысты.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру