Елімізде террорлық шабуылға тосқауыл қойылды – ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев Терроризмге қарсы орталықтың кезекті отырысында елімізде террорлық шабуылға тосқауыл қойылғанын айтты.
Ол жыл басынан бері терроризм мен экстремизмге қатысы бар 26 адамның сотталғаны атап өтті.
Оның айтуынша, экстремизм мен терроризмге қатысы бар 151 шетелдік азаматтың елге кіруіне жол берілмеді. Елімізге тыйым салынған діни әдебиеттерді әкелгені үшін 19 шетелдік жауапқа тартылды.
Сондай-ақ 356 терроризмге қарсы оқу іс-шаралары өткізілді.
Сонымен бірге отырыста Ермек Сағымбаев лаңкестердің шабуылын алдын алу үшін ІІМ мен ҰҚК халық көп жиналатын орындарды тексеріп жатқанын, биыл 3 мыңнан аса тексеру болғанын ескертті.
Отырыста Мәдениет және ақпарат, Туризм және спорт, Оқу-ағарту министрліктерінің және бірқатар өңірлердің басшыларының есебі тыңдалды.
Жиында елдегі маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту шаралары талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың жалпымемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты шешімдер қабылданды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ