Елімізде жұмыртқа күрт қымбаттады
Қазақстанда бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасы бір айда 6,3%-ға, бір жылда 14,8%-ға өскен, деп хабарлады Energyprom.kz.
2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте елімізде жұмыртқа өндірісі 3,8 млрд дана болды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 5,3%-ға артық.
Тізімде Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр: өндіріс 40,7% артып, 559,9 млн дана жұмыртқа өндірілді. Одан кейін Ақмола (555,5 млн жұмыртқа, 7,4%-ға азайған) және Қарағанды (472,9 млн жұмыртқа, 2%-ға азайған) облыстары тұр.
Биыл қаңтар-тамыздың қорытындысы бойынша, жергілікті кәсіпорындар жұмыртқаға сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) 96,3%-ға қамтамасыз етті. Өткен жылғы көрсеткіш – 94,4%. Импорт – 3,7%.
Жыл басынан бері елімізге 130,8 млн дана жұмыртқа әкелінді. Бұл – өткен жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 30,9%-ға аз. Экспорт, керісінше, 2,2 есе өсіп, 184,5 млн дана болды. Ішкі нарықтағы сатылым да 0,7% артып, 3,3 млрд дананы құрады.
Биыл қазанның қорытындысы бойынша бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасы бір айда 6,3%-ға, бір жылда 14,8%-ға өскен.
Ұлытау облысында бір айда жұмыртқа айтарлықтай қымбаттаған: бірден 19,8%. Кейінгі тізімде Павлодар (14,7%) және Қызылорда (13,6%) облыстары тұр.
Бағаның ең аз өсімі Алматы облысында тіркелді: 0,4%. 20 өңірдің ішінде баға тек Алматыда өзгермеген.
Жылдық динамика бойынша жұмыртқа Қызылорда облысында – 52,2%, Қостанай облысында – 34,1%, Батыс Қазақстан облысында 32,5% қымбаттады. Алматыда, керісінше, жұмыртқа бағасы 4%-ға, ал Жетісу облысында 0,4%-ға төмендеді
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ