Елімізге 8 мыңнан аса медициналық маман жетіспейді
Бүгінде Қазақстанда 8 мыңнан аса медициналық маман жетіспейді. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.
Оның пікірінше, қазір медицинада кадр тапшылығы өзекті мәселе болып саналады.
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20-30% артып отыр. Бұл – медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғауда өте үлкен маңызға ие. Алайда салада медициналық кадрдың тапшылығы бар. Біздің мәлімет бойынша денсаулық сақтау саласында 8 мыңнан аса кадр тапшы. Бұл тенденция соңғы жылдары байқалып отыр. Оның саны артып та келеді. Кадрларды сақтап, оларға жағдай жасау бойынша бірқатар ұсыныс болды, - деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.
Осы орайда ол осы бағытта Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды.
«Медицина мамандығына кадр тарту үшін қосымша қандай іс-әрекет жасауға, қандай заңға өзгеріс енгізіп, қандай норма қабылдауға болады деген мәселелерді қарау керек. Себебі медицина кадрларының жетіспеушілігі – өте өзекті проблема. Соңғы жылдары қарқынды өсу болған жоқ. Қазір нақты шешім қабылдауды қажет ететін жағдай туындап отыр. Оларды әзірлеп, Үкіметпен бірлесіп іске асырамыз», - деді Сенат төрағасы.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ