Елімізге шамамен 4 мың дәрігер жетіспейді – ДСМ
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгінде Қазақстанға қанша дәрігер жетіспей жатқанын айтты.
Республикада дәрігерлер қажеттілігі – 3,9 мың штаттық бірлік. Дәрігерлердің аса тапшы мамандықтар бойынша қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 2023 жылы республикалық бюджет есебінен шамамен 6 мың білім беру гранты (2,7 мыңы – бакалавриат және интернатура, 2,5 мыңы – резидентура, 325-і – магистратура, 160-ы – докторантура) бөлінді, - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Ажар Ғинияттың айтуынша, биыл медициналық университеттерді шамамен 7 мың дәрігер бітірген. Оның ішінде: бакалаврлар – 1 720, магистрлер – 414, PhD докторлары – 173, орта медицина қызметкерлерінің саны 23 мыңнан асады.
«Өңірлердің ақпараты бойынша 3 мыңнан аса маман жұмысқа орналастырылды. Бұл ретте 601 маманға үстемақы бөлінді, тұрғын үймен 384 адам қамтамасыз етілді, 74 маманға өзге де қолдау шарасы көрсетілді», - деді вемоство басшысы.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ