Елордада биіктен құлаған альпинистерге қатысты тың ақпарат жарияланды
Елордада биіктен құлап, жарақат алған өндірістік альпинистердің жағдайына қатысты ақпарат жарияланды.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 12 қазанда қаладағы №2 мемлекеттік көпбейінді ауруханаға биіктен құлаған альпинистер жеткізілген.
Зардап шеккен 3 адамға көптеген жұмсақ тіннің жарақаты, қабырғасы, жамбас сүйектерінің жабық сынуы, ішкі ағзаларының зақымдалуы, есеңгіреген деген диагноз қойылды. Науқастар қарқынды терапия палаталарына орналастырылды. Оларға шұғыл түрде медициналық көмек көрсетілді, - деп жазылған хабарламада.
Алайда 12 қазанда 1999 жылғы жігіт алған жарақат салдарынан кешкі сағат 17:40-та көз жұмған.
Қалған альпинистер де ауыр халде жатыр
Бүгінде 2 науқас (1999 және 2002 жылдары туған) реанимация және қарқынды терапия бөлімінде емделіп жатыр. Олардың жағдайы өте ауыр, - деп жазылған хабарламада.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ