Елордада көлікті масайып алып жүргізген 1 мыңнан аса жүргізуші ұсталды
Жыл басынан бері Астанада мас халде көлік басқарған 1 мыңнан аса жүргізуші ұсталды деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Биыл 11 айда шаһарда ішімдік ішіп, көлік басқарған 1 мың 41 жүргізуші анықталды. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 3500-ге жуық көлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша («Көлікті басқару құқығынан айырылған және мас күйде көлік басқарғаны үшін») 48 жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері жүргізушілер заң ережесін бұзса, 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ