присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ердоғанның қазір қанша жалақы алып жүргені айтылды

15 желтоқсан 2022 12:40
Ердоғанның қазір қанша жалақы алып жүргені айтылды

Түркия вице-президенті Фуат Октай 2023 жылдың бюджетіне қатысты отырыс барысында ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның жалақысы туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы CentralAsia хабарлады.

2022 жылға арналған бюджетте біздің президенттің таза жалақысы небәрі 66 445 түрік лирасы (шамамен 1 675 570 теңге), - деді Фуат Октай.

Еске сала кетсек, келесі жылдың маусымында Түркияда президенттік және парламенттік сайлаулар өтеді. Ал 2003 жылдан бері билікте отырған Ердоған бұл жолы соңғы рет президенттік сайлауға қатысатынын, содан кейін билік тізгінін жастарға тапсыратынын меңзеген болатын.

Еске сала кетсек, таяуда премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев журналистерге берген жауабында біздің министрлердің еңбек өтіліне байланысты шамамен 1,7 млн теңгеге дейін жалақы алатынын айтқан еді...

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру